Saki
Меню сайта

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 719

Главная » 2009 » Январь » 16 » Алтын жiгiт Илья
Алтын жiгiт Илья
07:48

«ШАЛА» БАЛА ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

Сырт көзге Ильяның бүгінгі өмірі шат-шадыманға толы, әрі шытырманды қызық көрінетіні рас. Шындығында да, бұл дәл солай. Алайда, бүгінгі чемпион бұ дүниенің есігін ашқанда дәрі­герлер оны денсаулығында ақау бар, адам болмайды деп ойлап, асығыстық та­ныт­қанын екінің бірі біле бермесе керек. Бұл туралы әкесі Александр Ге­надье­вичтің өзі былай деп еске алады, «Жарым екінші ұлымды босанғанда ағасы Алексейге серік болатын болды деп қатты қуандым. Бірақ, қуанышымды дәрі­герлердің, «балаңыз адам болмайды-ау, бел­гісіз бір инфекция жұқтырып алған тә­різді» деген сөзі су сепкендей бас­ты. Шыны керек, біраз уақыт «баламнан айрылып қалам ба?!» деп те қорқып жүрдім. Міне, дәрігер­лердің адам болмайды деп диагноз қойған ұлым екі дүркін әлем чемпионы атанып, Олимпиада асуын бағындырып, Қазақстанның атын күллі әлемге асқақтатып отыр». Иә, бақытты әке­нің  бұл көңіл-күйін түсінуге болады. Өйткені, ақ халаттылар «о дүниеге аттандырып салған» баласы өсе келе толағай бала атанды. Жастайынан зерек өсіп, жаттығуларда өз салмағынан ауыр тас пен те­мірлерді қуыршақша басынан асыра көтеріп жүрді. Бұл сө­зімізге дәлел болу үшін ағасы Алексейдің мына сөзін қоса кеткеніміз жөн. «Ол кезде Илюша алты жаста-ау дей­мін. Өзім­мен бірге оны да жаттығуларға ертіп баратынмын. Маған штанганың те­мірлерін салып тұруға көмектесіп, жанымда ермек болып жүретін. Жаттығуларда зіл­темірлер көтеріп жаттығамыз. Енді, ет пен сүйектен жаралған соң кейде штанганы көтере алмай, жерге тастай салатынбыз. Сондай кезде Илюша шыдамай жылап жіберетін. Темірдің ауыр екенін түсінгісі келмейтін. Бапкер айт­қан екен, өзі көтерем деп тал­пын­ған екен, құлатпай, міндетті түрде басынан асыра көтеруі тиіс деп ойлайтын».

Байқайсыздар ма, Ильяның ба­ла кездегі мінезі қазірге дей­ін бар. Ешқашан жеңілгісі кел­мейді. Қай жарысқа қатысса да барлығында бірінші болып ке­луді көздейді. «Же­ңіліс» деген сөз оның мен­та­ли­тетінде жоқ сияқты. Ал, өзінің айтуынша, оны осы спортқа тәрбиелеген ең алғашқы «бейресми ұстазы», яғни ағасы туралы айтар болсақ, Алексей кезінде Қазақстанды бір­неше рет бағындырып, бү­гінде ол спорттың бұл түрімен тү­бегейлі қоштасқан көрінеді. «Ағам қазір отбасымен Байқоңырда тұрып жатыр. Бес баласы бар. Бір сөзбен айт­қанда «батыр-әке» - дейді, бұл жө­нінде жеңімпаз толағай.

 

«КІРПІ» ШАШТЫҢ

ҚҰПИЯСЫ

Бала кезінде Ильяның отбасы біреуден кем, біреуден тәуір өмір сүргенін бүгінде оны танитындардың барлығы айтып бере алады. Ол кезде әкесі қарапайым жұмысшы, ал шешесі шаштараз қызметін атқарған екен. Дегенмен, шешесі Галина өзінің сүйікті жұмысын әлі күнге тастамапты. Қайта, Қызылордадан сән салонын ашып алған ол биз­­­несін одан әрі өркендету үстінде. Шаш қиюды басты хоб­биі етіп алған Галина Яков­левна баласының шаш қою үл­гісін де өзі ойластырып береді екен. Шешесі ойлап тапқан шаш өсі­рудің «Кірпі» үлгісін өзіне сән етіп алған Илья бала кезінен бері осы үлгіні өзіне серік етіп келеді.

«Республикалық жарыстарға жаңадан қатыса бастаған кезім» - деп өткен кезден есіне бір қызықты түсіруге тырысқан «толағай» мына жайтты айтып бер­ді. «Бірде Өскемен қаласында өткен жарысқа қа­тысуым керек болды.

Тікірейген шашымды көрген ұйымдастырушылар мені «тәрбиелемек» болды ғой дей­мін, маған, «мына шашыңмен сайыс жолына шықпайсың» де­гені. Не іс­терімді білмей басым қатты. Бап­керіме, «бәрібір, мы­на шашымды өзгерт­пеймін» деп қоям. «Жарайды» деп келісті ол, «тек бірінші орын алғың келсе, өзгертуіңе тура келеді» деді. Амал жоқ, қобыраған шашымды жатқызуыма тура келді. Ұтып кет­тім. Кейін Оңтүстік Кореядағы жарыста маған «ең кө­ңілді шаш үлгісі бар спортшы» деген номинацияны берді. Соған қарап, шетелде мұндайға көзқарастары жақсы деген ойда қалдым. Бірақ, кей­ін До­ха мен Санто-Домингода қатарынан екі жыл әлем чемпионы атанған соң Қазақстанда да ешкім шашымның бұл үлгісі үшін сөкпейтін болды».

Өзінің алтын баласын қазақ елі не деп сөксін?! Қайта сол чемпиондықтан кейін Ильиннің шаш үлгісі артынан ерген кіш­кентай інілеріне сән болып жабысты. Ал, биыл ол Олимпиада алаңына да «кірпі» шашпен кө­теріліп шыққаннан кейін, мұн­дай шашты өзімен түйдей құр­дас жастардан да жиі көріп қа­лып жүргеніміз жалған емес.

«ТӨБЕЛЕСТЕН КЕЙІН

ЖҰДЫРЫҚ СЕРМЕМЕЙДІ»

Олимпиада ойындарында бі­легін жарақаттап алғанына қарамастан жұлқа көтеру жаттығуында 180 келі, серпе көтеруде 226 келі көтерген ол қос жаттығудың нәтижесінде 406 ұпай жинап, Бейжің Олимпиадасындағы Қазақстанның алғашқы алтын медаль иегері атанды. Ал, одан кейінгі екінші және үшінші орындар­ға орналасқан поляк Симон Колески мен ресейлік Қажымұрат Ақаев сәйкесінше, 403 және 402 ұпай жинап, күміс пен қоланы ғана қанағат етуге мәжбүр болды. Дегенмен, Ильяның Бейжіңдегі алтыны оған оңай жолмен келді деуге аузымыз бармайды. Жұлқа көтерудің алғаш­қы мүмкіндігінде 175 ке­ліні бағындырып, келесісінде 180-ді көтерген ол үшінші мүм­кіндігін бос жібереді де серпе көтеру сайысына дайындала бастайды. «Негізі мен жұлқа көтеруде 190 келіні көтеріп, әлем рекордын жаңартсам ба деп едім, алайда, қолым сыр беріп, алғашқы сайысымды екі мүм­кіндікпен аяқтауыма тура келді» - деді, жарыс соңында «Те­мір­қанат» Илья. Шынында да Илья штанганы қолын жая кө­тер­генде оның қолын қол емес, қанаттан жасалған темір ме дерсің. Мұны біз әсіресе, серпе көтеруде анық байқадық. Алғашқы мүм­кін­дігінде жарақатына байланысты 223 келіні бағындыра алмаған ол біле­гінің ауырсынғанына қарамастан соңғы мүмкіндігінде өзіне қажетті 226 келіні тілін шығара күлімдеп, ауырлықты мүл­дем сезінбестен тө­реші белгі бергенше көтеріп тұрды.

Сол дода біткесін, көп уақыт өтпей, ресейлік бір басылымнан Қажымұрат Ақаевтың сұхбатын оқы­ғанымыз бар. Он­да ол, «Мен негізі алтын алар едім, алайда, бапкер­лерім «же­ңіле сал, бізге сол керек болып тұр» деді. Содан кейін жеңіле салдым. Сірә, оларға ірі көлемде ақша төлеген болар» деген секілді сөздер айтыпты. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Меңдіхан Тапсырұлынан пікір сұраған едік. «Сөйлей береді ол. Егер шын мықты болса, «төбелестен кейін жұдырық сермемей», Олимпиада алаңында дәлел­демеді ме, өзінің мықтылығын?!» - деп қысқа қайырды бас хатшы. Ал, Ильяның өзі Ақаевтың бұл қылығына түсін­бестік танытып отыр. «Жалпы Олимпиадада Хажымұратпен де, Симонмен де жақсы араластым. Бап­керлеріміз бір-бі­рімізге сәт­тілік тілеп жатты. Оның неге бұлай дегеніне қайранмын» - деді, Олимпиаданың теңдессіз чемпионы.

 

«МЕН - «НҰРОТАНДЫҚПЫН!»

Жалпы Ильиннің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын қолдайтыны бұрыннан белгілі. Оның айғағы ретінде, әлем­нің екі дүркін чемпионы болғаннан кейін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшелігіне өткенін айта кеткен артықтық етпес. «Ха­лық­аралық аренада Елбасымыздың беделі орасан зор. Талай басшылардың соңғы шешімге келгенде Нұрсұлтан Әбішұлының ақылын тосып жататынын көріп жатамыз. Осыдан-ақ, бұл кісінің қазақ халқы үшін қаншалықты биік тұлға екенін көруге болады. Ал, Елбасымыз басқарып отырған «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының атқарып жатқан істері орасан зор» - деп өзінің саясаттан да мақұрым емес екенін көрсетті. Ал, Елбасымыздың соңғы болған қабылдауында мына сөздер есін­де жақсы сақталыпты. «Елбасымен жеке сөйлесуге мүм­кіндігім болған жоқ. Алайда, оның «Абай бол! Өзіңді «байлап» ұста!» деген әкелік ақылы жақсы есімде. Бұдан ұққаным, жұлдыз болмай, өз-өзіңе бекем бол дегені».

Міне, «Темірқанат» Илья туралы азды-көпті мағлұмат осы. Енді, оны қалай айтсақ та, қа­лай атасақ та жарасады. Оның спорттық ғұмыры бұдан кейін қалай өрбісе де тәуел­сіз Қазақстан тарихында, «ең алғаш Олимпиада чемпионы атанған ауыр атлет» ретінде қалары сөз­сіз.

Туылған жылы:

24.05.1988 ж

Туылған жері:

Қызылорда қаласы

Ұлты: Орыс

Лақап есімі:

Илюша, Илья Муромец

Бойы: 182 см

Салмағы:

94 келі

Жеке бапкері:

Виллория Пак

Сүйікті ісі:

Вreak биі, бильярд

Ендігі арманы:

Лондон

Олимпиадасының

алтыны

Просмотров: 1477 | Добавил: zolotoichelovek | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Январь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика


Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz