Saki
Меню сайта

Категории каталога
книги [12]
книги о скифах, саках, массагетах, древних тюрках
рефераты [20]
о кочевниках в целом и в частности
курсовые [4]
по древней истории казахов
дипломные [0]
древняя история
диссертации [0]
древняя мстория
статьи [17]
по истории кочевников
Шпаргалки и тесты для школьников [8]
Исламиат [34]
Все про Ислам

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 719

Главная » Файлы » книги

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ МЕН БҮРКЕНІШ ЕСІМДЕРІ ТУРАСЫНДА.
[ ] 12.11.2010, 08:36

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ МЕН БҮРКЕНІШ ЕСІМДЕРІ ТУРАСЫНДА. Көзі тірісінде-ақ қазақтың саяси да рухани көсемі танылған Әлиханның қалдырған бай да мол мұрасының бір үлкен саласы – қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми-публицистикалық туындылары болып табылады. Алаш қозғалысы мен қазақтың тұңғыш саяси партиясы көсемінің бұл бай мұрасы бүгінгі Қазақстан Республикасының ұлттық интеллектуалдық меншігінің құн жетпес игілігі болып табылады. Әлихан Бөкейхан – қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі әрі жарқын публицисі. Әлиханның ғылыми-публицистикасын ХІХ соңы мен ХХ ғасыр басындағы отаршыл империяның езгісіне қарсы күрескен бір Қазақстан емес, бүкіл отаршыл Ресей империясындағы тарихи оқиға-құбылыстардың шежіресі деп батыл айтуға болады. Алаштың ұлы Әлихан өзінің мақала-очерктерін 30-дан астам бүркеніш есімімен (псевдонимімен) жариялады. Олардың көпшілігін орыс тілінде пайдаланды. Қазір оның 1930 жылдардың ортасына дейін француздардың ықпалды «Фигаро» газетінде жарияланып тұрғаны туралы тың мәлімет1 анықталу үстінде. Өзінің ғұмырында Әлихан төңкеріске дейін 4 газет, оның үшеуі орыс тілінде: «Иртышъ», «Омичъ» және «Голосъ степи» газеттеріне өзі редактор болса, қазақ тілінде тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Төңкерістен кейін қазақ тіліндегі «Темірқазық» және «Шолпан» журналын шығарып, 1925 жылдан бері шыға бастаған «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» және «Сәуле» журналдарын ашуға мұрындық болды. «Жаңа мектеп» журналының кейін «Қазақстан мектебі», ал «Әйел теңдігі» журналының «Қазақстан әйелдері» басылымына айналғанын ерекше айта кеткен маңызды.2 Әлихан Бөкейханның белсенді жарияланып тұрған публицистік жолы 1889 жылдан қолдағы бар нақты тарихи деректер бойынша 1927 жылға дейінгі 40 жылға жуық кезеңді қамтиды. Ал «дүние жүзі пролетариатының көсемі» В.И.Лениннің жақын үзеңгілесі болған Д.В.Бонч-Бруевичтің 1934 жылы Мәскеуде пәтер қамауында отырған Әлиханға жазған хатын (№ 1 суретті қара.) және қарт Алаш көсемі, ғалымы әрі публицисінің «Фигаро» газетінде жарияланып тұрғаны туралы мәлімет расталатын болса, онда оның публицистикалық дәуірі 1930-жылдардың ортасына дейін дерлік жалғасқан болып шығады. Оның кейінге қалдырған бай ғылыми-публицистік мұрасының тек библиографиялық көрсеткішінің өзі ғана 30 беттен асады. Әлиханның мыңға жуық мақала мен очерктен және тағы басқа туындыдан тұратын ғылыми-публицистикасы 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін және одан кейінгі 1927 жылға дейін 50-ден астам қазақ және орыс газет-журналдарында, оның ішінде төңкеріске дейін ғана 30-ға жуық қазақ-орыс басылымдарында жарық көрді. Әлиханның қаламынан шығып түрлі мерзімді басылымнан жарық көрген туындыларының географиясы да қазіргі кең байтақ Еуразия кеңістігін қамтиды. Оның ең алғашқы бір топ мақаласы 1889 жылы Дала генерал-губернаторының ресми үнқағазы ретінде Омбыда шығып тұрған «Особые прибавленія къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ»3 газеті мен оның қазақша қосымшасы «Дала уалаятының газетінен» көрінсе, көп ұзамай оның түрлі бүркеніш есімі көрсетілген туындыларын 1917 жылғы Ақпан төңкерісі мен Қазан бүлігіне дейінгі бір Омбының ғана «Степной край», «Степной піонеръ», «Омичъ», «Иртышъ», «Голосъ степи», Семейдің «Семипалатинскіе областные ведомости», «Семипалатинскій листокъ», Ташкенттің «Туркестанскіе ведомости», Орынбордың «Қазақ» газеті мен қазақтың тұңғыш «Айқап» журналынан, С.Петербордың «Речь», «Сынъ отечества», «Наша жизнь», «Слово», «Восточное обозрение»,4 Ресей мұсылмандарының «Въ мире мусульманства» «Мусульманская газета» басылымдары мен «Сибирскіе вопросы» журналынан жиі ұшыратуға болатын.

Категория: книги | Добавил: zolotoichelovek
Просмотров: 2415 | Загрузок: 1 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Для скачивания файла отправте СМС и получите ссылку.SMS-чат смс стоит всего на всего 15 рублей, 5 гривен, 62 тенге
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика


Copyright Oskenbai S.A. © 2024
Сайт управляется системой uCoz