Saki
Меню сайта

Категории каталога
книги [12]
книги о скифах, саках, массагетах, древних тюрках
рефераты [20]
о кочевниках в целом и в частности
курсовые [4]
по древней истории казахов
дипломные [0]
древняя история
диссертации [0]
древняя мстория
статьи [17]
по истории кочевников
Шпаргалки и тесты для школьников [8]
Исламиат [34]
Все про Ислам

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 719

Главная » Файлы » книги

РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА
[ ] 12.11.2010, 08:30

ПРОЛОГ Хор көрінеді. ХОР. Веронаның екі дүрдей ығайы мен сығайы Әлімсақтан қырғи қабақ, қым-қуыт дау арасы. Теке тірес тайталаспен ғүмыр кешіп ұдайы бас жарылып, көз шығарып, күнде дал-дұл жағасы. Екі әулеттің ұл мен қызы көңілдері қосылып. Опа таппай опат тапты тіпті қыршын жасында. Сойыл құмар содырлар да қасіреттен тосылып. Бейуақ тамған бейкүнә қан басу болды ашуға. Әлқисса, сол оқиғаны сізге шертіп береміз. Сәл шыдаңыз, екі сағат уақыт деген сөз боп па! Жақсы ойынды жабады деп сенеміз. Олпы-солпы мін тапсаңдар біз баяндар бұл гәптан. БІРІНШІ ПЕРДЕ БІРІНШІ КӨРІНІС Верона. Алаң. Капулеттидің қалқан асынып, семсер ұстаған қос қызметшісі Самсон мен Грегорио шығады. САМСОН. Грегорио, бауырым, ол оңбағандардың алдында арды қолдан бермейік. ГРЕГОРИО. Арды қолдан беріп бізді не қара басыпты?! Қайсысы келсе де, қан салғандай қып жіберем, көр де тұр! САМСОН. Тоғытқа түскендей өзіміз тұншықпайық деп тіле. САМСОН. Қанымды қыздырса, қанжарымды қалай суырып алғанымды өзім де білмей қалам. ГРЕГОРИО. Сенің қаның қызғанша, қысыр қашар бошалап үлгерер. САМСОН. Монтеккидің шәуілдектерін көрсем, қаным басыма шауып, зіркілдеп ала жөнелем. ГРЕГОРИО. Бәсе, құйрығың жалтырап безіп бара жататының содан екен ғой. Қас батыр деген қасқайып тұрып алады емес пе еді! САМСОН. Монтеккидің сүмелектерін көргенде жүрегім қылп етсе не дейсің. Жігіттерін желкектей жусатып, қыздарын қылқандай қырқам. ГРЕГОРИО. Нағыз дүлей сен болдың-ау сонда! САМСОН. Жолымда ешкім тұра алмайды. Жігіттерін түгелдей жер қаптырып, қыз-қырқынын қуыс-қуысқа қуып тығам. ГРЕГОРИО. Егесіп жүрген екі жақсың да еркектері емес пе? САМСОН. Бола берсін. Еркектерін көкелеріне көрістіргесін қыз-қырқынына қырғидай тимеймін бе! Шын сойқанды соларға салу керек қой. ГРЕГОРИО. Бейшара бикештердің жазығы не? САМСОН. Қауқарымның барында қауып қалам. Құдайға шүкір, бөлек-салақ ет пен шандыр менде де жеткілікті. ГРЕГОРИО. Балық болып жаратылмағаныңа шүкір. Нағыз түзда қақтаған қақпыш шабақ сен болар ең. Қылышыңды суыр. Әне, Монтеккидің екі сүмелегі келеді. САМСОН. Қам жеме! Қылыш дайын. Ол екеуіне өзіңнің де әлің келеді. Қорықпа, қасыңда мен бармын. ГРЕГОРИО. Ол не дегенің? Сен осы өкшеңді жалтыратқалы тұрғаннан амансың ба? САМСОН. Мен жөнінде уайым жеме. ГРЕГОРИО. Уайымдайтын кісіні тапқан екенсің! САМСОН. Әуелі намыстарына тиейін. Төбелесті солар бастаса, заң бізді ақтайды. ГРЕГОРИО. Тұсымыздан өте бергенде бетімді тыржитайын. Ар жағындағы әуселелерін көріп алармыз. САМСОН. Мен қасақана тырнағымды мүжиін. Оған да үндемесе шын масқара болғандары. Абрам мен Балтазар көрінеді. АБРАМ. Нағып тырнағыңды тістелей қалдың? Бізге қыр көрсетіп тұрған жоқсың ба, сэр? САМСОН. (Грегориоға сыбырлап). Не дейін, «иә» десем, заң бізді жақтай ма, жақтамай ма? ГРЕГОРИО (сыбырлап). Жақтамайды. САМСОН. Қыр көрсетіп тұрғам жоқ, бірақ тырнағымды мүжіп тұрғаным рас, сэр. ГРЕГОРИО. Немене, сонда төбелескіңіз келіп пе еді, сэр? АБРАМ. Мен бе, сэр? Жоқ, сэр. САМСОН. Төлебескіңіз келсе, әмірңізге құлдық. Менің қожам сіздің қожаңыздан кем емес. ГРЕГОРИО. (Анадайдан Тибальтты көріп, Самсонға). Ойбай, артық де. Әне, қожайынымыздың ағайыны келе жатыр.

Категория: книги | Добавил: zolotoichelovek
Просмотров: 1221 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Для скачивания файла отправте СМС и получите ссылку.SMS-чат смс стоит всего на всего 15 рублей, 5 гривен, 62 тенге
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика


Copyright Oskenbai S.A. © 2024
Сайт управляется системой uCoz