Saki
Меню сайта

Категории каталога
книги [12]
книги о скифах, саках, массагетах, древних тюрках
рефераты [20]
о кочевниках в целом и в частности
курсовые [4]
по древней истории казахов
дипломные [0]
древняя история
диссертации [0]
древняя мстория
статьи [17]
по истории кочевников
Шпаргалки и тесты для школьников [8]
Исламиат [34]
Все про Ислам

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 719

Главная » Файлы » книги

МАКС ФРИШ ҒЫЛЫМ ҚУҒАН ДОН-ЖУАН
[ ] 12.11.2010, 08:27
(Дон-Жуан немесе геометрияға деген құштарлық) Бес актылы комедия Қатысушы адамдар: Дон-Жуан Тенорио – оның әкесі Миранда Дон Гонсало – Севилья командоры Донна Эльвира – оның әйелі. Донна Анна – қызы. Диего әкей. Дон-Родриго – Дон-Жуанның досы Донна Икес Селестина – сайранхана қожасы. Дон Балтазар Лопес Тепорелло Севилья жесір әйелдері Төбелесқор үш жігіт – донна Аннаның бауырлары.
БІРІНШІ АКТ Қамалдың алды, Түн. Музыка ойналып тұрады. Бозбала жігіт ұрлана басып сатымен көтеріліп келе жатып, камал жаққа жалтақ-жұлтақ қарап қояды. Тотықұс шықылықтайды. Әлдекім террасқа шығады, бозбала бағанның тасасына жасырына қалады. ДОННА ЭЛЬВИРА. Дон-Жуан! Дон-Жуанбысың? ДОННА ИНЕС. Ешкім көрінбейді ғой. ДОННА ЭЛЬВИРА. Ақ боз аты қорада тұр. ДОННА ИНЕС. Сіздің көзіңізге қос көрінген болар. ДОННА ЭЛЬВИРА. Әйтпесе, мынандай тас қараңғыда ол не бітіріп жүреді? Онсыз да тоңазып тұр едім, оның үстіне тоты құстың шықылықтағанын естісем, төбе-құйқам шымырлайды. ДОННА ЭЛЬВИРА. Дон Жуан! Дон Жуан! ДОННА ИНЕС. Ол желмен шайқалған құрма ағаш қой. Қүдды сатыға сарт-сұрт тиіп келе жатқан қылыш дыбысынан аумайды. Түн баласы құлағымнан осы бір үн кетпейді, естісем болды, терезеге жүгірем, бірақ, қашан қарасам да, желмен сусылдап тұрған құрма ағашы болып шығады. ДОННА ЭЛЬВИРА. Жоқ, ол келуін келді. Ақ боз аты қорада тұрғанын өз көзіммен көрдім. (Екеуі кетіп қалады, жас жігіт тығылып тұрған жерінен шыға беріп, кайта жасырынады, өйткені екінші жақтан жуан, етжең священникке еріп, бір шал адам шығады.) ТЕНОРИО. Шыда дейсіз! Диего әкей, ол әншейін айтар ауызға оңай. Әйтпесе, осы жалбас неме бүгін атымен келмей қойса, қайтеміз. Түн ортасы ауып кетті. Шыда дейсіз. Қайтып шыдайын. Менің ұлыма ара түспеңіз. Имандай сырым, көрерсіз де білерсіз, сол немеде жүрек жоқ. Шешесі де соңдай еді. Қаршадайынан қаңтардың мұзындай сұп-суық, селт етпейді. Аттай жиырмаға келіп тұрып, аузы-мүрны қисаймай, әйел қауымына зауқым жоқ дейді. Әншейін ұялып айтқан болса бір жөн ғой, сорлатқанда сол айтып тұрғаны шыны. Бір бүкпесі болсайшы шіркіннің. Ойына не келсе де, лақ еткізіп айта салады. Жақында маған өліп-өшіп сүйетінім геометрия дейді. Әй, со немені уайымдай-уайымдай жүйкемнің жүн болып кетер түрі бар. Күнәсын айтуға келген бір де бір әйел оның атын ауызға алған емес деп өзіңіз айтып тұрсыз. Осы бір қаршадайынан қағынған жеріген тақуа неме менің жалғыз түйір ұлым, тігерге тұяқ мұрагерім. Жиырма жасынан әйелге зауқы жоғалды дегенді. О заман да бұ заман естігеніңіз бар ма еді, киелі әкем? ДИЕГО ӘКЕЙ. Сабыр етіңіз, сабыр етіңіз. ТЕНОРИО. Селестинаны білуші ме едіңіз? ДИЕГО ӘКЕЙ. Тс-с-с!
Категория: книги | Добавил: zolotoichelovek
Просмотров: 1015 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Для скачивания файла отправте СМС и получите ссылку.SMS-чат смс стоит всего на всего 15 рублей, 5 гривен, 62 тенге
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика


Copyright Oskenbai S.A. © 2024
Сайт управляется системой uCoz